Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы (2020.29.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін. 2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін. 3. Бурабай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № а-3/117 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4686 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 наурызда аудандық «Луч» және «Бурабай» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Бурабай аудандық сайлау комиссиясы
Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2020.29.12. № а-12/504 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) Бурабай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № а-5/194 қаулысына 1 қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|