|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
1-бап. «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) 3-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) мемлекеттің тәуелсіздігін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын өзгерту;»; 2) 28-бапта: 1-тармақтың 3) тармақшасындағы «сызылып тасталмаған» деген сөздер «белгіленбеген» деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «сызылып тасталған» деген сөздер «белгіленген» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 29-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Азамат дауыс берген кезде өзі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгіні қояды.». 2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 5 мамыр № 119-VII
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |