|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
03.02.2022 Приложение «e-Salyq Business» - новые мобильные удобства предпринимателям
Комитетом государственных доходов МФ РК разработано и введено в действие с 1 января 2022 года мобильное приложение «e-Salyq Business». Новое цифровое решение призвано упростить индивидуальным предпринимателям исполнение налоговых обязательств, что особенно удобно для вновь зарегистрированных предпринимателей. Об этом сообщили в Комитете государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан. Приложение предназначено для упрощения исполнения налоговых обязательств и обязательств по социальным платежам индивидуальными предпринимателями, применяющими специальный налоговый режим с использованием специального мобильного приложения или на основе упрощенной декларации в соответствии с вступившими с начала текущего года положениями Налогового кодекса. Кроме того, Комитетом разработан проект Приказа Министра финансов Республики Казахстан, предусматривающего возможность применения, в рамках пилотного проекта, функционала приложения для предпринимателей, применяющих специальный налоговый режим на основе патента. В настоящее время Проект приказа дорабатывается с учетом предложений, в том числе полученных от Национальной палаты предпринимателей РК «Атамекен», а также замечаний по итогам проведения антикоррупционной экспертизы проекта. Функционал приложения позволяет зарегистрироваться в качестве индивидуального предпринимателя, выбрать и сменить налоговый режим, выдавать чеки, формировать реестр доходов и вести учет доходов работников для автоматического расчета приложением обязательств по налогам и социальным платежам и заполнения соответствующих срок Упрощенной декларации. Предприниматели, применяющие специальный налоговый режим на основе патента, становясь пользователями мобильного приложения «e-Salyq Business», освобождаются от представления Расчета стоимости патента и оплаты налогов и социальных платежей заранее (авансом), еще до получения дохода. Рассчитанные приложением суммы индивидуального подоходного и социального налогов можно оплатить непосредственно в мобильном приложении, используя интеграцию с сервисом Народного банка, опубликованным в Платежном шлюзе Электронного Правительства. Кроме того, для удобства предпринимателей в приложении доступны сервисы Налогового кошелька (в том числе по просмотру и погашению задолженности, управлению переплатой), получению ряда уведомлений органов государственных доходов, а также сервис прекращения деятельности ИП в упрощенном порядке. Приложение доступно в «Play Market», «App Store» и «App Gallery». Приложение будет совершенствоваться, по мере возможности, и в текущем году, в части расширения функционала, в том числе по предложениям предпринимателей, участвовавших в пилотном проекте, проведенном в конце прошлого года в Акмолинской и Жамбылской областях. Как пример, в текущем году запланировано проведение работ по обмену данными по трудовым договорам с соответствующей информационной системой МТСЗН по учету трудовых договоров с работниками ИП.
«e-Salyq Business» қосымшасы - кәсіпкерлер үшін жаңа мобильді мүмкіндіктер
Мемлекеттік кірістер комитетімен «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы әзірленіп, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды. Жаңа цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемесін орындауды жеңілдетеді, ол әсіресе жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге ыңғайлы. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Салық кодексінің ағымдағы жылдан бастап қолданысқа енгізілген ережелеріне сәйкес аталған қосымша арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің салық міндеттемелері мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерін орындауын оңайлатуға арналған. Бұдан басқа, Комитетпен патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлерге арналған қосымшаның функционалын пилоттық жоба шеңберінде қолдану мүмкіндігін көздейтін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта бұйрық жобасы ұсыныстарды, оның ішінде «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасынан алынған ұсыныстарды, сондай-ақ жобаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу қорытындылары бойынша ескертулерді ескере отырып пысықталады. Қосымшаның функционалы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін қалыптастыруға және салық және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді қосымшамен автоматты түрде есептеу үшін қызметкерлердің кірістерінің есебін жүргізуге және оңайлатылған декларацияның тиісті жолдарын толтыруға мүмкіндік береді. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер «e-Salyq Business» мобильді қосымшасының пайдаланушылары бола отырып, патент құнының есеп-қисабын ұсынудан және табыс алғанға дейін алдын ала (аванспен) салық және әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылады. Қосымшамен есептелген жеке табыс және әлеуметтік салық сомасын Электрондық Үкіметтің төлем шлюзінде жарияланған Халық банкінің сервисімен интеграцияны пайдалана отырып, тікелей мобильді қосымшада төлеуге болады. Бұдан басқа, кәсіпкерлердің ыңғайлылығы үшін қосымшада Салық әмиянының сервистері (оның ішінде берешекті қарау және өтеу, артық төлемді басқару бойынша), мемлекеттік кірістер органдарының бірқатар хабарламаларын алу, сондай-ақ, жеке кәсіпкер қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату сервисі қолжетімді. Қосымша «Play Market», «App Store» және «App Gallery» алаңдарында қолжетімді. Қосымша мүмкіндігіне қарай ағымдағы жылы да функционалын кеңейту бөлігінде, оның ішінде өткен жылдың соңында Ақмола және Жамбыл облыстарында өткізілген пилоттық жобаға қатысқан кәсіпкерлердің ұсыныстары бойынша жетілдірілетін болады. Мысал ретінде, ағымдағы жылы жеке кәсіпкер қызметкерлерімен еңбек шарттарын есепке алу бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті ақпараттық жүйесімен еңбек шарттары бойынша ақпарат алмасу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |