«Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 33 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 тамыздағы № 342-343 (26186) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабының 3-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабының 3-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес әзірленді.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|