«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде: 70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «70. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрi – ҚБШ) мына: 1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi есептеумен және республикалық және жергiлiктi бюджеттерден шығыстарды жүргiзумен; 2) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны есептеуімен және олардың есебiнен шығыстарды жүргiзумен; 3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсiмдердi есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi (бұдан әрі – ҚР ҰБ) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотына аударумен; 4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында белгіленген нормативтер бойынша бөлінген түсімдерді есептеумен және оларды ҚР ҰБ-да Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшін ашылған шоттарға аударумен; 5) және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер алатын оларға арналған филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен, және (немесе) меценаттық қызметтен, және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетiн ақшаны жұмсауымен; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|