«Жылжымайтын мүлік объектілерін бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 367 бұйрығымен күші жойылды
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына және 18-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9173 тіркелген, 2014 жылғы 7 наурыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұрықтың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның белгіленген заңнамалық тәртіппен ресми жариялануын; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін. 2. Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|