Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидаларын және шарттарын бекіту туралы (2018.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6864 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 24 мамырда № 215-216 (26614) жарияланған); 2) «Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 бұйрығына өзгеріс бойынша» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 343 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8864 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 28 қарашада № 263 (28202) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|