Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 25 Қаулысымен ҚР Заңының жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 ҚаулысыменҚР Заңының жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат;. № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19- I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат;. № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 155-құжат; № 23-II, 170-құжат): 2-бапта: 3-бөлім мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын: «Некені (ерлі-зайыпты болуды) қию немесе тоқтату бойынша діни жоралар мен рәсімдерді ғибадат ғимараттарынан (құрылысжайлардан) тыс жерлерде жүргізуге жол берілмейді. Діни жоралар мен рәсімдер бойынша некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірген адамдардың біреуі ғибадат ғимаратына (құрылысжайына) келе алмайтын айрықша жағдайларда (ауыр науқастануы, жүріп-тұру қиындығымен байланысты мүгедектігі, күзетпен ұсталуы немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені діни жоралар мен рәсімдер бойынша қиюды (ерлі-зайыпты болуды) үйде, медициналық немесе өзге де ұйымда некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен тіркелген діни бірлестіктің өкілі жүргізеді.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|