ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімі – асыл тұқымды жануарлардың саны, тұқымдары, өнімділік бағыттары бойынша деректер жиынтығы;»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) асыл тұқымдық құндылық – асыл тұқымды жануардың селекцияланатын белгілерінің деңгейі және оларды ұрпағына беру мүмкіндігі;»; 7) тармақшадағы «мал», «республикалық» деген сөздер тиісінше «жануар», «Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) тармақшадағы «бекіткен» деген сөз «айқындаған» деген сөзбен ауыстырылсын; 9) тармақша алып тасталсын; 10) тармақшада: «малдың ұрығын өткізу» деген сөздер «жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу» деген сөздермен ауыстырылсын; «бағаланған» деген сөз алып тасталсын; «малдың ұрығын сатып алу» деген сөздер «жануарлардың ұрығын, эмбриондарды сатып алу» деген сөздермен ауыстырылсын; «қызметті бастағаны» деген сөздер «қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны)» деген сөздермен ауыстырылсын; 11-1) тармақша алып тасталсын; 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) асыл тұқымдық орталық – асыл тұқымды тұқымдық жануарларды күтіп-ұстау жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы уәкілетті органды хабардар еткен, асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды алумен, жинақтаумен, сатып алумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын заңды тұлға;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|