«Азаматтық қорғау» кәсіптік стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 117-бабы 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Азаматтық қорғау» кәсіптік стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментіне заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 351 бұйрығымен бекітілген
«Азаматтық қорғау» кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық қорғау» кәсіптік стандарты (бұдан әрі – КС) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде персоналды кәсіпорындарда оқытуға, білім беру ұйымдарының жұмыскерлері мен түлектерін сертификаттауға және КС персоналын басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге арналған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|