Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69-баптары, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37-бабына және бекітілген жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларына сәйкес, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Кентау қаласы аумағында орналасқан «Су жүйелерінің құрылысы үшін» осы қаулының қосымшада көрсетілген жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін; 2. «Кентау қаласының әкімдігінің «Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін; 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін; 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Көкеновке жүктелсін.
2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 575 қаулысына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|