|
Жоба
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Әділет министрлігі арасындағы сот төрелігі саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум
ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 910 бұйрығымен мақұлданды
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Әділет министрлігі (бұдан әрі - «Тараптар» деп аталады), екі мемлекеттің де қолданылатын заңнамасына сәйкес ынтымақтастықты қолдауға және кеңейтуге ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
Тараптар мынадай салалар бойынша ынтымақтасады: 1) құқықтық жүйе және өз министрліктерінің құқықтық саясат тұжырымдамасы; 2) Тараптар сарапшыларының біліктілігін арттыру; 3) заң практикасы және дауларды баламалы түрде шешу; 4) Тараптар келіскен кез келген басқа да салалар.
Осы Меморандум шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру мынадай түрде іске асырылады: 1) өзара ақпарат, тәжірибе және үздік әлемдік практика алмасу; 2) сарапшылар мен мамандардың өзара іс-сапарларын ұйымдастыру; 3) конференциялар, семинарлар, кеңестер, оқу курстары мен жұмыс сессияларын ұйымдастыру; 4) екі Тарап келіскен кез келген басқа да әдіс.
Тараптар өзінің қолда бар мүмкіндіктеріне сәйкес осы Меморандум жөніндегі өз міндеттемелерін орындау кезінде шеккен шығыстарды дербес көтереді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|