|
Ғылыми жобалар бойынша конкурстардың рәсімдерін ұйымдастыруды зерделеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми жобалар, оның ішінде «Жас ғалым», жас ғалымдардың жобалары және өзге де жобалар бойынша конкурстар рәсімдерін ұйымдастырудың бизнес-процестерін жетілдіру үшін жан-жақты, толық және объективті зерделеу мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында, сондай-ақ «Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысының 19-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН: 1. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми жобалар, оның ішінде «Жас ғалым», жас ғалымдардың жобалары және өзге де жобалар бойынша конкурстар рәсімдерін ұйымдастырудың бизнес-процестерін жетілдіру үшін мән-жайларды зерделеу және ұсынымдар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын. 2. Жұмыс тобы: 1) ғылыми жобалар бойынша конкурстар рәсімдерін ұйымдастырудың ағымдағы бизнес-процестерін 2024 жылғы 23 мамыр - 5 маусым аралығында қарастырсын; 2) зерделеу қорытындысы бойынша тиісті ақпаратты 2024 жылғы 10 маусымға дейінгі мерзімде ұсынсын. 3. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ (Ғ. Жанқуатов) барлық қажетті материалдарды ұсынсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|