«Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары–Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27339 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларында: 6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «ведомство - республикалық және жергілікті (облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттері берешегінің жай-күйі туралы жиынтық қаржылық есептiлiгі) бюджеттер берешегінің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті және өзге қаражат есебінен пайда болған берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілікті мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне тиісінше - 25 тамыздан кешіктірмей, есепті қаржы жылы үшін - есепті қаржы жылынан кейінгі 25 ақпанға дейін ұсынады.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Берешектің жай-күйі туралы жылдық және жартыжылдық қаржылық есептілікте берешектің пайда болу себептері туралы ақпарат берешек пайда болған бухгалтерлік есеп шотының нөмірін көрсете отырып қалыптастырылады. 31 наурыздағы және 30 қыркүйектегі есептерде шот нөмірлері көрсетілмейді.»; 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «18. ҚЕ-1-ДБ-Б нысаны мынадай түрде толтырылады: 1-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды көрсетіледі; 2, 3, 4 және 5-бағандарда функционалдық топ, бағдарлама, кіші бағдарлама және ерекшелік толтырылады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|