|
|
|
17.03.2023 Жаза деген не?
Жаза дегеніміз - сот үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол осы адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық Кодексте көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негізгі жазалар: 1) айыппұл; 2) түзеу жұмыстары; 3) қоғамдық жұмыстарға тарту; 4) қамаққа алу; 5) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу қолданылуы мүмкін. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негізгі жазалар: 1) айыппұл; 2) түзеу жұмыстары; 2-1) қоғамдық жұмыстарға тарту; 3) бас бостандығын шектеу; 4) бас бостандығынан айыру қолданылуы мүмкін.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға негізгі жазамен қатар мынадай қосымша жазалар: 1) мүлкін тәркілеу; 2) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; 3) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; 3-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру; 4) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу қолданылуы мүмкін.
С.Қ.Мұсай, Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маман – сот мәжілісінің хатшысы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |