Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін. 2. «Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 840 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17413 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|