Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы (2022.29.11. берілген өзгерістермен)
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022.10.11. № 218 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022.10.11. № 218 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39-бабының 2), 2-1) тармақшаларына және 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 тіркелген) сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022.10.11. № 218 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Белгіленсін: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулері; 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары. 2. Облыстың қала, аудан әкімдері заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) тиісті облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың аумағында орналасқан су нысандары мен су шаруашылығы құрылымдарының су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардың шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларының сақталуын; 2) жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау үшін осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген су нысандары мен су шаруашылығы құрылымдарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай келетін күйде ұстауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|