«Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут, күзет аймағы және ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарын анықтау және белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 43, 69, 118, 121-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес газ құбырын пайдалану кезеңіне «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерді алып қоймай Байғанин, Шалқар аудандарында қауымдық сервитут, күзет аймағы және ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтары анықталсын және белгіленсін. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының күзет аймақтарында және ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарында жерді пайдалану режимі белгіленсін. 3. «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Байғанин, Шалқар аудандарындары әкімдігінің назарына жеткізсін. 4. Байғанин, Шалқар аудандарының әкімдігі осы қаулыны мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын. 5. «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|