|
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы (2024.26.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 5 бабының 7) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы бекітілсін. 2. Алматы қаласы әкімдігінің «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуын бекіту туралы» 2012 жылғы 6 қарашадағы № 4/945 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 956 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулыны Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы әкімдігінің 2024.27.09. № 3/523 Қаулысымен қосымша өзгертілді (2024 ж. 26 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/496 Қаулыға қосымша
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|