Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлттық шоттар департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басшысының 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 43 бұйрығымен бекітілген
Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|