Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқауды бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 үкімімен «Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің Ережесін бекітуі бойынша» 21-тармағы 19-56) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде өрт қауіпсіздігін шараларын ұйымдастыру жөніндегі нұсқау бекітілсін. 2. Қазақстан Респуликасы Қарулы Күштері Тылы және қару-жарақ бастығына Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу; 2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелері мерзімді баспасөз басылымдарына және «Қазақстан Респуликасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми түрде жариялау үшін жолдау; 3) ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-қорына орналастыруы; 4) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2 тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған шаралардың орындалуы туралы Қазақстан Республикасының Заң департаментіне мәліметтердің жолдануы қамтамасыз етілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б.Ж. Құрманбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін. 5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|