Мәслихаттың 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 297 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Мәслихаттың «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 297 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8942 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы Арқалық қаласы ауылдары, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабы 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.»; 4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер: бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау; ауылдар, ауылдық округтер бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу; ауылдар, ауылдық округтер әкімі аппаратының ауылдардың, ауылдық округтердің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу; бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру; ауылдар, ауылдық округтер бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау; ауылдардың, ауылдық округтердің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|