Денисов ауданының Приречное ауылындағы «Алтай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы
Осы редакция 2016 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалық құжаттама негізінде 1-қосымшаға сәйкес Денисов ауданының Приречное ауылындағы «Алтай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін. 2. Денисов ауданының Приречное ауылындағы «Алтай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы _______________ С. Байменова «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы ________________ Г. Оспанбекова Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|