Республикалық мектептердің білім алушыларын қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Республикалық мектептердің білім алушыларын қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) құрамы бекітілсін. 2. Комиссия: 1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында 2017 жылғы қорытынды аттестаттауды өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін; 2) республикалық мектептердің білім алушыларына 2017 жылы қорытынды аттестаттауды, сондай-ақ тестілеуді өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын; 3) аппеляцияға сұрақтар түскен жағдайда олардың негізділігін қарауды ұйымдастырсын және нақты шешімдер қабылдасын; 4) осы бұйрықтың 3-тармағында көрсетілген білім алушылардың жұмыстарын қарасын және тиісті қорытындыны ұсынсын. 3. Республикалық білім беру ұйымдарының директорлары (келісім бойынша) 2016 жылғы 10 маусымға дейінгі мерзімде үздік негізгі орта білім туралы куәлігін алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын ұсынсын. 4. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) комиссияның жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасасын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 45 бұйрығымен бекітілген
2016-2017 оқу жылында білім алушыларды қорытынды аттестаттау құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|