«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16944 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) сақтандыру резервтерін өтеу үшін өтімділігі жоғары активтердің жеткіліксіз болуы;»; көрсетілген қаулымен бекітілген Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларында: 2-тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты басшы қызметкерлер тізбесі (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындауға жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып).»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|