|
Түркістан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 3 маусымдағы № 284 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 - баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Түркістан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 238 қаулысымен бекітілген «Түркістан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесіне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бекітілсін. 2. «Түркістан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен Түркістан қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері ережелерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын; 2) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2025 жылғы 17 сәуірдегі №193 «Түркістан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы №238 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына қосымша
«Түркістан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|