«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар табыс ететін мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалануы қағидаларын бекіту туралы (2019.19.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 776 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар табыс ететін мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдырының пайдалануы қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасын Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының міндетін атқарушы Қ. Қожахметов 2015 жылғы 31 наурыз
Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|