«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - «Qyzyljar» АЭА) осы Ережеге қосымшаға сәйкес шектерде Петропавл қаласының аумақтық шекарасы шегінде орналасқан. «Qyzyljar» АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 236,8 гектарды құрайды.». «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|