Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің регламентін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 275 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 26-бабы 4-тармағына, 27-бабы 2-тармағына, «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгі регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 65 қаулысымен бекітілген
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі (бұдан әрі - әкімдік) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын Шығыс Қазақстан облысын дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді. 2. Әкім әкімдік құрамын әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады. Әкім әкімдік мүшелерінің санын айқындайды. Әкім әкімдіктің дербес құрамын айқындайды және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының шешімімен келісіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|