«Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 1512 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларына: 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «6. Емтихандар адамның таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде 2 кезеңде жүргізіледі: 1) тестілеу: сот сарапшылары және сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін (алғашқы мамандықты игеру бойынша) 100 сұрақ; сот сарапшылары және сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін - қылмыстық-процестік құқық бойынша (20 сұрақ), азаматтық-процестік құқық бойынша (20 сұрақ), криминалистика бойынша (20 сұрақ), әкімшілік құқық бойынша (20 сұрақ), Заң бойынша (20 сұрақ); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|