Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының үлгілерін беру тәртібі туралы
ҚР 2015 жылғы 2 қарашадағы № 386-V Заңымен ратификацияланды 2015 жылғы 22 желтоқсанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері, есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымы және оларды теріс пайдалану Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне, олардың халқының денсаулығы мен әл-ауқатына елеулі қауіп төндіретінін сезіне отырып, 2000 жылғы 30 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімнің және 2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасаудағы ынтымақтастық тұжырымдамасының мақсаттарын негізге ала отырып, есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы тиімді іс-қимыл жасасу Тараптардың ақпараттық өзара іс-қимыл жасауын нығайтуды қажет ететінін мойындай отырып, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру, салыстырмалы криминалистикалық зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ ғылыми және оқу мақсаттарында заңсыз айналымнан алып қойылған есірткі, психотроптық заттар (бұдан әрі - есірткілер) мен олардың прекурсорларының үлгілерін беру тәртібін белгілеу осы Келісімнің нысанасы болып табылады.
Тараптардың құзыретті органдары жедел-іздестіру іс-шараларын, анықтау, тергеу амалдарын жүргізу барысында алып қойылған, сондай-ақ басқа да жолмен алынған есірткілер мен олардың прекурсорларының үлгілерін беруді жүзеге асыра алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|