Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің кейбір мәселелері туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасымен (бұдан әрі - заң жобасы) жұмыс жөніндегі жұмыс тобы құрылсын (бұдан әрі - Жұмыс тобы). 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2017 жылғы IV тоқсанға және 2018-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі Жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін. 3. 2017 жылғы 1 қарашаға дейін Жұмыс тобы заң жобасын әзірлеп, оны келісуді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етсін. 4. Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелері Жол картасында бекітілген мерзімдерге сәйкес іс-шараларды іске асырсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 764 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|