Орал қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Орал қалалық (аумақтық) сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес Орал қаласының аумағында барлық кандидаттарға арналған үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін. 2. Желаев селолық округі әкімдері және Зачаган, Круглоозерный кенттері «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын. 3. Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 353 «Орал қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-202 тіркелген, 2011 жылғы 31 наурызда «Жайық үні» газетінде жарияланған) және Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 787 «Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 353 «Орал қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3840 болып тіркелген 2015 жылғы 12 наурызда «Жайық үні-Жизнь города» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы (Е.Н.Каримов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетовқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|