|
|
|
30.05.2023 Ең ұлы қару - тіл
Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Тіліміздің мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Тіл – ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі. Ана тілің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың байлығына балайды. Тіл – ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады. Әр ұлттың рухани мәдениетінің бір бөлігі тілі болғандықтан ол өзіне деген құрметті талап етеді. Ұлт болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мәселесі де болады. Қазақ тілінің мәселесі өткен ғасырдың басынан бері қозғалып келеді. Өз ұлттың, өз тілін сүймеген, кәдірлемеген адам басқаны да қадірлеп жарытпайды. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Шындығында қазақ халқы тілге шешен, астарлап сөйлеудің хас шебері екіні тарихымыздан белгілі. Өткенсіз болашақ жоқ деген сөз тегін айтылмаса керек. Тілімізді шұбарландырып жақсы атанбаймыз. Мерзімді басылымдарда өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгергендері туралы көп жазылуда. Оқыған кезде олар үшін қуанамыз. Ешкім біліп тумайды. Бастысы білсем, үйренсем деген ниет керек. Ниет болса, талпыныс пен жігер және қызығушылық туады. Шындығында ұлттың басты байлығы – тілі. Тіл – ең асыл құндылық, керемет қатынас құралы. Дейтұрғанмен, ұлтымыздың құнды жәдігері мемлекеттік тілімізге жанашыр көзқарас бар жерде тіліміздің өркендеп, өз тұғырында тұратынын ұмытпауымыз керек.
Ақмола облысының Көкшетау қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы А. Жақыпов
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |