«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2024 - 2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2024 - 2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. 2. Іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша): 1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын; 2) жылдың қорытындысы бойынша 1 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын. 3. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 1 мамырдан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын және өзінің интернет-ресурсында орналастырып тұрсын. 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2021 - 2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 479 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 24-тармағы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|