«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 268 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18580 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларында: 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) орнитология - омыртқалы зоологияның құстарды, олардың эмбриологиясын, морфологиясын, экологиясын, жүйеленуін және географиялық таралуын зерделейтін бөлімі;»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Әуеайлақтардағы метеомамандар және орнитологиялық қамтамасыз етуге жауапты адамдар 2 жылда бір реттен сиретпей жауынгерлік даярлық курсына (арнайы даярлық бағдарламасына) сәйкес курстарға (жиындарға) тартылады және 5 жылда бір реттен сиретпей арнайы курстарда біліктілігін арттырады.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақшамен толықтырылсын: «5-1. Бірлесіп орналасу әуеайлақтарында әуежай басшылығымен келісу бойынша метеомамандар тәжірибе алмасу, әуежайдың штаттық авиациялық орнитологымен тікелей өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру және құстардың шоғырлануына ықпал ететін жағдайларды анықтау және жою тәртібі жөніндегі іс-шаралар бойынша практикалық тағылымдамадан өтеді.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|