Импорты қосылған құн салығынан босатылатын пестицидтерді өндіруге арналған химиялық заттардың (шикізаттың) тізбесін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 399-бабы бірінші бөлігінің 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған импорты қосылған құн салығынан босатылатын пестицидтерді өндіру үшін химиялық заттардың (шикізаттың) тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 5 мамырдағы № 327 бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің 2023 жылғы № __ бұйрығымен бекітілген
Импорты қосылған құн салығынан босатылатын пестицидтерді өндіруге арналған химиялық заттардың (шикізаттың) тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|