Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 550 бұйрығына қосымша
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (33-шығарылым)
1-тарау. Кіріспе
1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (33 - шығарылым) жасанды тері жасау өндірісі бойынша жұмыстарды көздейді. 2. БТБА Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген. 3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы тараударда көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
2-тарау. Жасанды тері жасау өндірісі жұмыстарға арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары 1-параграф. Талшық пен қабықты мөлшерлеуші, 2-разряд
4. Жұмыс сипаттамасы: жасанды теріден пластина жасау және термопластикалық материалдар жасау үшін берілген рецептура бойынша талшықты тарам және қабықты қолмен мөлшерлеу; әр түрге сәйкес жасанды тері пластиналары немесе термопластикалық материалдарға талшықты тарам мен қабық ілмектерін өлшеу, талшықтарды құрылымы бойынша түр-түрге бөлу; өлшеген кезде рецепт бойынша бір құрауышты басқамен алмастыру немесе жүктік сипаттамалар кестесіне сай ілмектерді құрауыштармен толықтыру; төсейтін қағазды жинау, қол пресінде байламдарға қысу; терілерді байлау және арбаларда берілген жерге жеткізу. таразы мен қол пресінің құрылымы мен қолдану ережелерін; қабықтар түрлерін, тарам талшықтарының ұзынынан және көлденеңнен орналасудың айырмашылықтарын.
2-параграф. Сыздық жасаушы, 2-разряд
6. Жұмыс сипаттамасы: орналастыратын машиналарда шприцтелген әсемдеуге арналған поливинилхлоридті сыздықты орналастыру; машинаны жөндеу, машинаға жартылай даяр өнімді беру; машина, механизм және қосымша құрылғылар жұмысын бақылау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|