|
Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін. 2. «Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 12 шілдедегі № 261 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34735 болып тіркелген) күші жойылған деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қаржы және корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 219 бұйрығымен бекітілген
Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|