|
|
|
Источник: Сетевое издание, ИА, портал ZAKON.KZ (www.zakon.kz)
28.09.2020 Правила оформления сертификата соответствия ЕАЭС
Сертификат соответствия это документ, подтверждающий безопасность и соответствие продукции требованиям, установленным техническими регламентами Евразийского экономического союза (далее - сертификат, ТР, ЕАЭС). Единая форма сертификата требованиям ТР ЕАЭС и правила его оформления, утверждена Решением Коллегии ЕАЭС от 25 декабря 2012 года № 293 с изменениями, внесенными решением Коллегии ЕАЭС от 15 ноября 2016 года за № 154. Сертификат ЕАЭС оформляется органом по сертификации, включенным в единый реестр органов по оценке соответствия ЕАЭС. При сертификации заявителями могут быть зарегистрированные в соответствии с законодательством государства - члена Союза (далее - государство-член) на его территории юридическое лицо или физическое лицо в качестве индивидуального предпринимателя, являющиеся изготовителем или продавцом, либо уполномоченным изготовителем лицом. Бланки сертификата и приложения к нему являются документами строгой отчетности, изготавливаются в государствах-членах типографским способом и обладают несколькими степенями защиты. Сертификат заполняется на русском языке с использованием электронных печатающих устройств и на государственном языке государства - члена, в котором осуществляется сертификация продукции. Заполнения сертификата на русском языке и государственном языке одного из государств-членов, заполняется на разных сторонах сертификата. При необходимости наименование изготовителя, его место нахождения (адрес юридического лица), а также адрес (адреса) места осуществления деятельности по изготовлению продукции (кроме наименования государства) и обозначение продукции (тип, марка, модель, артикул и др.) могут быть указаны с использованием букв латинского алфавита. Все поля сертификата должны быть заполнены. При заполнении сертификата указывается следующая информация: · регистрационный номер сертификата; · типографский номер бланка сертификата; · полная информация об органе по сертификации (адрес, сведение об аккредитации, номер телефона и адрес электронной почты); · полная информация о заявителе (адрес или фамилия, имя и отчество (при наличии), местожительства физического лица, зарегистрированного в качестве индивидуального предпринимателя, а также регистрационный или учетный (индивидуальный, идентификационный) номер, номер телефона и адрес электронной почты); В случае, если место нахождения (адрес юридического лица) и адрес места осуществления деятельности заявителя совпадают, допускается указывать данный адрес один раз; · полная информация об изготовителе (адрес или фамилия, имя и отчество (при наличии), место жительства физического лица, зарегистрированного в качестве индивидуального предпринимателя); · сведения о продукции (наименование и обозначение, название продукции (в случаях, предусмотренных ТР при наличии, иные сведения о продукции, обеспечивающие ее идентификацию при наличии, наименование и обозначение документа, на основании которого изготавливается продукция (стандарт, стандарт организации, технические условия или иной документ при наличии), наименование объекта сертификации (серийный выпуск, партия или единичное изделие). Для продукции серийного выпуска производится запись «серийный выпуск». Для партии продукции указывается размер партии, для единичного изделия - заводской номер изделия. Для партии продукции и единичного изделия указываются реквизиты товаросопроводительной документации, идентифицирующей партию продукции (в том числе ее размер) или единичное изделие; · код ТН ВЭД ЕАЭС; · наименование ТР (требования, которым соответствует продукция); · сведения о документах, подтверждающих соответствие продукции требованиям ТР (протоколы, сведение об аккредитации ИЛ (ИЦ), акт анализа состояния производства (в случаях, предусмотренных схемой сертификации), о сертификате системы менеджмента (в случаях, предусмотренных схемой сертификации, заключении об исследовании проекта продукции и типа продукции (в случаях, предусмотренных схемой сертификации), о других документах, представленных заявителем в качестве доказательства соответствия продукции требованиям ТР, а также о примененной схеме сертификации); · дополнительная информация (обозначение и наименование стандарта или отдельных его пунктов, на основании которых соблюдаются требования ТР, информация об условиях и сроках хранения, сроке эксплуатации и службы (годности) или ресурсе продукции (в случаях, предусмотренных ТР) и иная информация); · дата внесения сведений о сертификате и срок действия. В случае если в ТР не установлен срок действия сертификата, то в данном поле производится запись «не установлен»; · ФИО и подписи руководителя (уполномоченного лица) органа по сертификации и эксперта - аудитора. Использование факсимиле вместо подписи не допускается. При необходимости сертификат дополняется приложением, в котором можно прописать, например, весь перечень продукции. Внесение в сертификат сведений, а также сокращение слов (кроме общепринятых обозначений и сокращений) и любое исправление текста не допускаются. Копии выданных сертификатов соответствия изготавливаются заявителем на листах белой бумаги формата A4 (210 x 297 мм), заверяются печатью (если иное не установлено законодательством государства - члена) и подписью лица организации - заявителя, уполномоченного в соответствии с законодательством государства-члена (с указанием наименования и реквизитов уполномочивающего документа). Более подробную информацию, Вы можете получить в Департаменте Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан по г.Алматы. Наш адрес: г.Алматы, ул.Жандосова, 2, 3 этаж. Телефоны: 8 (727) 392-15-03, 392-25-37. Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.
Государственный инспектор города Алматы по государственному контролю Базарбаев Аскарбек Султанбекович
ЕАЭО сәйкестік сертификатын ресімдеу ережесі
Сәйкестік сертификаты бұл өнімнің қауіпсіздігі мен Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат (бұдан әрі - сертификат, ТР, ЕАЭО). ЕАЭО ТР талаптары бойынша сертификаттың бірыңғай нысаны және оны ресімдеу ережелері, ЕЭО алқасының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 154 шешімімен енгізілген өзгерістерімен 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 шешімімен бекітілді. ЕАЭО сертификатын ЕАЭО сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген сертификаттау жөніндегі орган ресімдейді. Сертификаттау кезінде өтініш берушілер Одақтың мүше мемлекетінің (бұдан әрі - мүше мемлекет) заңнамасына сәйкес оның аумағында тіркелген дайындаушы немесе сатушы не дайындаушы уәкілеттік берген тұлға болып табылатын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде жеке тұлға болуы мүмкін Сертификат бланкілері мен оған қосымшалар қатаң есептілік құжаттар болып табылып, мүше мемлекеттерде баспаханалық тәсілмен дайындалады және бірнеше қорғау дәрежелеріне ие. Сертификат электрондық баспа құрылғыларын пайдалана отырып, орыс тілінде және өнімді сертификаттау жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде толтырылады. Сертификат орыс тілінде және мүше мемлекеттердің бірінің мемлекеттік тілінде толтырылғанда, сертификаттың әртүрлі жақтарында толтырылады. Қажет болған жағдайда дайындаушының атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекен-жайы), сондай-ақ өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жердің мекен-жайы (мекен-жайлары) (мемлекеттің атауынан басқа) және өнімнің белгісі (үлгісі, маркасы, моделі, артикулі және т.б.) латын әліпбиінің әріптерін пайдалана отырып көрсетілуі мүмкін. Сертификаттың барлық жолдары толтырылуы тиіс. Сертификатты толтыру кезінде мынадай ақпарат көрсетіледі: · сертификаттың тіркеу нөмірі; · сертификат бланкісінің баспаханалық нөмірі; · сертификаттау жөніндегі орган туралы толық ақпарат (мекенжайы, аккредиттеу туралы мәлімет, телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы); · өтініш беруші туралы толық ақпарат (мекенжайы немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері, сондай-ақ тіркеу немесе есепке алу (жеке, сәйкестендіру) нөмірі, телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы); Егер өтініш берушінің орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметін жүзеге асыру орнының мекенжайы сәйкес келген жағдайда, осы мекенжайды бір рет көрсетуге болады; · дайындаушы туралы толық ақпарат (мекенжайы немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері); · өнім туралы мәліметтер (атауы мен белгіленуі, өнімнің аты (ТР көзделген жағдайларда бар болған кезде, өнімді сәйкестендіріуді қамтамасыз ететін өзге де мәліметтер бар болған кезде, өнім дайындалатын құжаттың атауы мен белгіленуі (стандарт, ұйым стандарты, техникалық шарттар немесе бар болған кезде өзге де құжат), сертификаттау объектісінің атауы (сериялық шығарылым, партия немесе бірлі-жарым бұйым). Сериялық шығарылым өнімі үшін «сериялық шығарылым» деген жазу жазылады. Өнім партиясы үшін партияның мөлшері, бірлі - жарым бұйым үшін -бұйымның зауыттық нөмірі көрсетіледі. Өнім партиясы және бірлі-жарым бұйым үшін өнім партиясын (оның ішінде оның мөлшерін) немесе бірлі-жарым бұйымды сәйкестендіретін тауарға ілеспе құжаттаманың деректемелері көрсетіледі; · ЕАЭО СЭҚ ТН коды; · ТР атауы (өнімге сәйкес келетін талаптар); · өнімнің ТР талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (хаттамалар, СЗ (СО) аккредиттеу туралы мәліметтер, өндіріс жағдайын талдау актісі (сертификаттау схемасында көзделген жағдайларда), менеджмент жүйесінің сертификаты туралы (сертификаттау схемасында көзделген жағдайларда), өнім жобасын және өнім түрін зерттеу туралы қорытынды (сертификаттау схемасында көзделген жағдайларда), өнімнің ТР талаптарына сәйкестігін дәлелдеу ретінде өтініш беруші ұсынған басқа да құжаттар туралы, сондай-ақ қолданылған сертификаттау схемасы туралы); • қосымша ақпарат (стандарт немесе олардың негізінде ТР талаптары сақталатын оның жеке тармақтарының белгіленуі және атауы, сақтау шарттары мен мерзімдері, пайдалану мерзімі және қызмет ету (жарамдылық) немесе өнім ресурстары (ТР көзделген жағдайларда) туралы ақпарат және де өзге ақпараттар); · сертификат туралы мәліметтерді енгізу күні және қолданылу мерзімі. Егер ТР сертификаттың қолданылу мерзімі белгіленбесе, онда осы жолда «орнатылмаған» деген жазу жазылады; · сертификаттау жөніндегі орган басшысының (уәкілетті тұлғаның) және сарапшы - аудитордың аты-жөні және қолдары. Факсимилені пайдалануға жол берілмейді. Қажет болған жағдайда сертификат қосымшамен толықтырылады. Сертификатқа мәліметтерді енгізуге, сондай-ақ сөздерді қысқартуға (жалпы қабылданған белгілер мен қысқартулардан басқа) және мәтінді кез келген түзетуге жол берілмейді. Берілген сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін өтініш беруші A4 (210 x 297 мм) форматындағы ақ қағаз парақтарында дайындайды, мөрмен (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе) және мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілетті өтініш беруші ұйым тұлғасының қолымен (уәкілетті құжаттың атауы мен деректемелерін көрсете отырып) куәландырылады. Толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен ала аласыздар. Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 2 үй, 3 қабат. Электрондық адрес: Е-mail:ktrm_almaty@mail.ru. Байланыс телефоны: 8 (727) 392-13-22.
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор Базарбаев Асқарбек Сұлтанбекұлы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |