Осы редакция 2016 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 355 бұйрығына 5-қосымша
«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (бұдан әрі - Стандарт) (2015 жылғы 15 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, оның филиалдарымен және аудандық бөлімшелерімен (бұдан әрі - қызмет беруші) жергілікті жерде көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді (бұдан әрі - сәйкестендіру құжаты) беру болып табылады. «Электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|