Осы редакция 2022 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 64-қосымша
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 65-қосымша
«Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (2020.20.12. берілген өзгерістермен)
1. Осы «Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысан)» жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленген және сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеушілер тапсыратын «Жалға беру (пайдалану) шарттары тізілімі» (бұдан әрі - тізілім) салық есептілігінің нысанын жасау тәртібін айқындайды. ҚР Қаржы министрінің 2020.20.12. № 1214 бұйрығымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1. Осы Қағида 2020 жылғы салық есептілігін табыс ету бойынша міндеттемелерге қолданылады. 2. Тізілім тізілімнің өзінен (871.00-нысан) және Салық кодексінің 206-бабы 2-тармағына сәйкес есепті кезең үшін сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеушілердің жалға беру (пайдалануға) шарттары бойынша мәліметтерді көрсетуге арналған оған қосымшадан (871.01-нысан) тұрады. 3. Тізілімді толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Сомалардың теріс мәндері тізілімнің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді. 5. Көрсеткіштер болмаған кезде тізілімнің тиісті төркөздері толтырылмайды. 6. Тізілімге қосымша тізілімдегі тиісті көрсеткіштерді ашып көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде жасалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|