Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 109 «Ұлытау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Ұлытау аудандық мәслихатының «Ұлытау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 5 наурыздағы № 109 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 108-20 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ұлытау ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия; 3) әлеуметтік көмек - Ұлытау ауданының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек; 4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - «Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|