Карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 196 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 06-03/30 ұсынысы негізінде Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жатаған укекіреге карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақ белгіленетін шаруашылық жүргізуші субъектілері бекітілсін. 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жатаған укекіре ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою бойынша шұғыл шаралар жүргізу жөніндегі іс-шаралар бекітілсін. 3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясына осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын. 5. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е. Абдуллинге жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|