«Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 39 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32959 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларында: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Еңбек мобильділігі орталығы Тізбені жұмыс берушілерден мансап орталығына өтінімдер келіп түсуіне қарай жаңартады.»; бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «19. Мансап орталығы үміткерге оның келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес субсидияланатын жұмыс орнына жолдама береді.»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Үміткер жұмыстан босаған сәтке дейін соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек қатынастарында тұрған жұмыс берушілерге субсидияланатын жұмыс орнына жолдама берілмейді. Аталған талап үміткер субсидияланатын жұмыс орындары шеңберінде еңбек қатынастарында болған жұмыс берушілерге қолданылмайды.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|