Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қызылқайнар, Гродеково, Ақбұлым, Қарой, Қаракемер, Бесағаш, Көлқайнар, Жамбыл және Полатқосшы ауылдық округтерінің шекараларын (шегін) өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Осы нормативтік құқықтық актінің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 қосымшаларына сәйкес экспликация бойынша мемлекеттік жер қоры, меншік иелері және жер пайдаланушылардың жерлері есебінен: 1) 257,2835 гектар қосылуымен Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қызылқайнар ауылдық округінің; 2) 98,36 гектар қосылуымен Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Гродеково ауылдық округінің; 3) 63,8544 гектар қосылуымен Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Ақбұлым ауылдық округінің; 4) 74,6792 гектар қосылуымен Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қарой ауылдық округінің; 5) 33,2607 гектар қосылуымен Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Көлқайнар ауылдық округінің; 6) 53,59 гектар қосылуымен Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қаракемер ауылдық округінің; 7) 174,66 гектар қосылуымен Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Бесағаш ауылдық округінің; 8) 189,7493 гектар қосылуымен Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Жамбыл ауылдық округінің; 9) 136,22 гектар қосылуымен Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Полатқосшы ауылдық округінің шекаралары (шегі) өзгертілсін. 2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеевке жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|