Жаңа объектілер салуды, жұмыс істеп тұрған (оның ішінде білім беру орындарының базасындағы) объектілерді реконструкциялауды, жаңғыртуды және жете жарақтандыруды қамтитын спорттық инфрақұрылымды дамытудың 2022 - 2025 жылдарға арналған график-жоспарын бекіту туралы (2023.04.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 36-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған жаңа объектілер салуды, жұмыс істеп тұрған (оның ішінде білім беру орындарының базасындағы) объектілерді реконструкциялауды, жаңғыртуды және жете жарақтандыруды қамтитын спорттық инфрақұрылымды дамытудың 2022 - 2025 жылдарға арналған график-жоспары (бұдан әрі - график-жоспар) бекітілсін. 2. График-жоспарды орындауға жауапты жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар: 1) график-жоспарды іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын; 2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 желтоқсанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне график-жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын. ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жоспар-кесте іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен жоспар-кестесі өзгертілді (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|