Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 21 желтоқсан № 1141/12 қаулысымен бекітілген
Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелері
1. Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін айқындайды. 2. Коммуналдық қалдықтар деп мынадай тұтыну қалдықтары түсініледі: 1) өзгелермен қатар қағаз бен картонды, шыныны, металдарды, пластмассаны, органикалық қалдықтарды, сүректі, тоқыманы, қаптаманы, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтарды, батареялар мен аккумуляторларды қоса алғанда, үй шаруашылықтарының аралас қалдықтары мен бөлек жиналған қалдықтары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|