|
Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 219 бұйрығы (2025.14.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 102-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышы бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025.05.08. № 423 бұйрығымен (2025 ж. 19 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2025.24.09. № 527 бұйрығымен (2025 ж. 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.28.10. № 639 бұйрығымен (2025 ж. 14 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбесінің сыныптауышы өзгертілді Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|