ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған негізгі бағыттарын бекіту туралы
«Дамуға ресми көмек туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған негізгі бағыттарыбекітілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2017 жылғы қаңтардың 31-і.
№ 415 Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 415 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған негізгі бағыттары
Астана, 2017 жыл
Кіріспе
Елдегі экономикалық ахуалдың серпінді түрде жақсаруының арқасында және өзінің халықаралық әрі өңірлік қатынастардағы жауапкершілігін сезіне отырып, Қазақстан Республикасы орнықты дамудың жаһандық және өңірлік проблемаларын шешуге, сондай-ақ әлемдік аренада өзінің рөлін күшейтуге дайын. Өңірдегі экономикалық көшбасшы бола отырып, Қазақстан жаһандық дамуға көмек көрсету бойынша халықаралық күш-жігерге қатысуды өзінің сыртқы саясатының қажетті элементі деп санайды. Бұл құжаттың мақсаты өзінің донор ретіндегі ұстанымын нығайту, танымалдық пен дамуға көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыру және өзінің халықаралық міндеттемелерін орындау үшін Қазақстан Республикасы ұстануы тиіс негізгі мақсаттарды, қағидаттар мен бағыттарды айқындау болып табылады. «Қазақстан 2050» Стратегиясына сәйкес бұл Қазақстанға деген сенімді нығайтуға және оның жаһандық әрі өңірлік проблемаларды шешуге бейілдігін көрсетуге мүмкіндік береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|